Жаңалықтар

Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

ашық дереккөзі

Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстанның Бас редакторлар клубы «Әзілхан Нұршайықов және журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Шара ЕҰУ-дың бас корпусында өтті. Конференцияда университет ректоры сөз сөйлеп, құрметті қонақтар баяндама жасап, арнау және құттықтаулар айтылды. Кеш барысында айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы да сөз алып, кейін өзінің арнауын орындап берді. Аталған шараны ұйымдастыруға Бас редакторлар клубының жетекшісі Бибігүл Жексенбай мұрындық болды.