Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстанның Бас редакторлар клубы «Әзілхан Нұршайықов және журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді деп хабарлады turkystan.kz.

Шара ЕҰУ-дың бас корпусында өтті. Конференцияда университет ректоры сөз сөйлеп, құрметті қонақтар баяндама жасап, арнау және құттықтаулар айтылды.

Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Жазушы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына ұйымдастырып отырған шарада ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омарұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды әрі тағылымға толы баяндама жасады. «Әзілхан Нұршайықовтың майдан күнделіктері: аңыз бен ақиқат» атты баяндамасында жазушының күнделіктерінен деректер мен дәйектер келтірілді.

Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Кеш барысында айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы да сөз алып, кейін өзінің арнауын орындап берді.

Аталған шараны ұйымдастыруға Бас редакторлар клубының жетекшісі Бибігүл Жексенбай мұрындық болды.

Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Конференцияға елімізге белгілі тұлғалар, журналистер мен студенттер қатысты.

Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button