Жаңалықтар

Қазақ күресінен әлем чемпионатында ел қоржынына 15 алтын түсті

ашық дереккөзі

Қазақ күресінен әлем чемпионатында ел қоржынына 15 алтын түсті

12-14 желтоқсан аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша, ұлттық құрама өкілдері ел қоржынына 15 алтын медаль түсірді. Бұл туралы «Qazaq kuresi» қауымдастығының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Жарысқа 40-қа жуық мемлекеттің 350 балуаны қатысты. Бағдарлама бойынша жасөспірімдер мен жастар 5 салмақ дәрежесінде, ал ересектер 12 салмақ дәрежесінде Qazaq Kuresi World Championships атағын сарапқа салды.