Парламенттің бірлескен отырысында қандай мәселе қаралады?

Парламенттің бірлескен отырысында қандай мәселе қаралады?

Парламенттің бірлескен отырысында қандай мәселе қаралады?
ашық дереккөзі
19 желтоқсанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Сенат депутаты Дана Нұржігіт жиында қандай тақырып талқыланатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл отырыста Парламент жұмысының регламентін талқылау және қабылдау мәселесі қаралады. Атап айтқанда, Парламент қызметіне қатысты бірнеше заңға өзгеріс енгізілген болатын. Осы орайда, Парламенттің жұмыс регламенті өзгеруі керек. Сондықтан 19 желтоқсандағы бірлескен отырыста аталған регламент талқыланып, қабылданады», - деді Дана Нұржігіт.