Жаңалықтар

Сарапшы Аргентина – Франция финалына болжам жасады: кім жеңеді?

ашық дереккөзі

Сарапшы Аргентина – Франция финалына болжам жасады: кім жеңеді?

Британиялық белгілі журналист әрі тележүргізуші Пирс Морган Франция құрамасы әлем чемпионы атағын қорғап қалады деген ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Ол Катардағы әлем чемпионатында франциялықтар Аргентина құрамасын жеңетініне сенімді. «Франция қалай болса да әлем чемпионатында жеңіске жетеді де, Мессидің жүрегін қарс айырады деп ойлаймын!» - деді ол. Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатындағы Франция мен Аргентина арасындағы финал 18 желтоқсанда өтеді. Ал бір күн бұрын Хорватия мен Марокко қола жүлдені сарапқа салады.