«Жезөкшелерге жұмсаған»: Қоянды мешітін бес рет тонаған жігіт ұсталды

«Жезөкшелерге жұмсаған»: Қоянды мешітін бес рет тонаған жігіт ұсталды

«Жезөкшелерге жұмсаған»: Қоянды мешітін бес рет тонаған жігіт ұсталды
ашық дереккөзі
Ақмола облысы, Қоянды ауылында садақадан жиналған қаражатты ұрлаған жігіт ұсталды. Айыпталушының бұған дейін бес рет мешіт тонағаны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
«Қоянды ауылының мешітіне сағат 11-12 шамасында бардым. Барып, соның ішінде жәшікте ақшаны күттім», - дейді ол.
Мешітке түн ішінде пластикалық есікті бұзып кірген жігіт сейфке жету үшін күзеттен бұғып, жәшікте жатқан. Қауіп сейілген кезде садақа салынған сейфтің есігін бұзған. Сөйтіп 650 мың теңгені алып кеткен. Көп кешікпей қолға түскен күдікті садақадан жиналған ақшаны жезөкшелерге жұмсағанын айтты. Оңтүстіктен келіп Қосшы кентінде тұрып жатқан ол осымен бес мешітті тонаған.