Жаңалықтар

Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

ашық дереккөзі

Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалындағы Франция мен Марокко құрамалары арасындағы кездесу аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Ойын 2:0 есебімен еуропалық команданың пайдасына аяқталды. Бірінші голды 5-минутта Тео Эрнандес соқты. 79-минутта Рандал Коло Муани матчтың нүктесін қойды. Айта кетейік, осы нәтиженің арқасында Франция әлем чемпионатының финалына шықты. Енді Франция 20 желтоқсан күні Аргентина құрамасымен кездеседі. Ал Марокко 19 желтоқсан күні әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Хорватиямен ойнайды.