«Асқазанынан пакет шықты»: Алматы тауларынан табылған барыс өлді

«Асқазанынан пакет шықты»: Алматы тауларынан табылған барыс өлді

«Асқазанынан пакет шықты»: Алматы тауларынан табылған барыс өлді
ашық дереккөзі
Бұған дейін Қазнетте барыс адамдарға көмек іздеп шыққаны туралы видео пайда болған еді деп жазды turkystan.kz. Аң аянышты халде көрінген, тіпті өтіп бара жатқан техниканың дыбысын елемеген. Оны тапқан қызметкерлер бірден мамандарға жүгінген. «Бірақ, өкінішке қарай, кеш болды. Хайуанаттар бағына келгеннен кейін ол бірден өліп қалды. Іле-Алатау ұлттық паркінің, Зоология институтының және ҚазҰАЗУ-дың мамандарымен патология-анатомиялық аутопсия жүргізілді. Гельминттер көптігінен бөлек, жануар асқазанынан полиэтилен пакеті табылды. Барыстың тістері түскен, ол аң аулай алмаған», - деді Алматы хайуанаттар бағы өкілі. «Жануар өлді. Біз оны қайтара алмаймыз. Бірақ сабақ алу арқылы басқа жабайы табиғаттың өмірін сақтап қалуға болады! Табиғатқа ұқыпты қарау өте маңызды! Тауда қоқыс, әсіресе, тамақ иісі бар полиэтилен пакеттерді лақтырмаңыздар! Құтқару - әрқайсымыздың кішкентай көмегіміз. Көп болып қана табиғатымызды сақтай аламыз», - дейді мамандар.