Ресейде химия сабағында жарылыс болды (ВИДЕО)

Ресейде химия сабағында жарылыс болды (ВИДЕО)

Ресейде химия сабағында жарылыс болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейдің Краснояр өлкесінің Ужурск ауданындағы ауылдық мектепте химия сабағында жасалған эксперимент кезінде колба жарылды деп хабарлады turkystan.kz. Мәліметтерге сәйкес, Малый Умыш ауылының химигі Михаил Помогаев шәкірттеріне химиялық элементтердің реакциясын көрсетпек болған. Мұғалім пробиркаға натрий мен тұз қышқылын құйғаннан кейін сутегі бөліне бастаған. Содан кейін ол колбаға жанып тұрған шамды жақындатқан. Бұл кезде сутегі аздап жануы керек еді, бірақ бәрі жоспарға сай болмай шықты. Газға от тиген сәтте пробирка жарылып кетті. Сутегінің концентрациясы тым жоғары болғандықтан шыны сынықтары оқушыларға да тиген. Тоғыз бала газдан уланды, тағы екі мектеп оқушысы дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Абырой болғанда, ешкім қатты зардап шекпеген. Мұғалім бірден кінәсін мойындап, барлығынан кешірім сұраған. Сонымен қатар ұстаз шәкірттеріне көмек көрсетуді бірден мойнына алып, ауруханаға жеткізген. Алайда ата-аналардың бірі құқық қорғау органдарына арызданған.