Бүгін Парижді 10 мың полиция күзетеді

Бүгін Парижді 10 мың полиция күзетеді

Бүгін Парижді 10 мың полиция күзетеді
ашық дереккөзі
Бүгін 10 мыңнан астам полиция қызметкері Париждің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп хабарлады turkystan.kz. Франция - Марокко матчының алдында елдегі билік осындай шешім қабылдады. Әлем чемпионатының жартылай финалынан кейін Парижде тәртіпсіздіктер орын алуы мүмкін, деп топшылайды сарапшылар. Еске салайық, ширек финалда марокколықтар Португалия құрамасын жеңді. Ойыннан соң, қуанған 20 мың марокколық жанкүйер Париж көшелеріне шығып, жеңісті тойлаған. Олардың арасында тәртіпсіздік жасағандар да болды. Полиция 70-ке жуық бұзақыны ұстады. Бүгінде Францияда барлығы 755 мың Марокко азаматы тұрады. Бұған дейін  жанкүйерлердің тәртіпсіздігі Нидерландыда да тіркелген. Сол себепті, Голландия билігі қоғамдық хабарларды таратудан мүлдем бас тартты. Франция - Марокко арасындағы матч «Эль-Байт» стадионында Астана уақытымен, түнгі бірде өтеді.