Жаңалықтар

Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогында қола ұтып алды

ашық дереккөзі

Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогында қола ұтып алды

АҚШ-тың Коралвилл қаласында (Айова штатында) өткен еркін күрестен әлем кубогында отандық балуан Азамат Дәулетбеков қола медаль иеленді деп хабарлады turkystan.kz. 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Дәулетбеков әлем құрамасы сапында өнер көрсетті. Оған 2022 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік палуандар шақырылды. Әлем құрамасы жарысты екінші айналымнан бастады. Азамат грузиялық Сандро Аминашвилиді 8:2 есебімен жеңіп, қола жүлде иеленді.