Темекі өнімдері 2023 жылы 60 теңгеге қымбаттайды

Темекі өнімдері 2023 жылы 60 теңгеге қымбаттайды

Темекі өнімдері 2023 жылы 60 теңгеге қымбаттайды
ашық дереккөзі
Темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағаcын 590 теңгеден 650 теңгеге жеткізу көзделген деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстанда 2023 жылы темекі өнімдерінің бағасын 590 теңгеден (2022 жылға бекітілген баға) 650 теңгеге өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қаржы министрлігінің бұйрығына енгізілетін өзгертулерден белгілі болды.
«Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 650 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаcы белгіленсін» деп жазылған құжат жобасында.
Еске сала кетсек, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі бұйымдарының бағасы өсетіні бұрыннан белгілі болған. Алайда, жоспар бойынша 2023 жылғы баға 630 теңгені құрауы тиіс еді. Бағаны тағы 20 теңгеге арттыруға «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұсынысы себеп болған. Кәсіпкерлер палатасы бұл арқылы темекі бұйымдарын Қазақстанға жеткізуде логистикалық іркілістердің тәуекелін азайтуды көздеп отыр.