Жаңалықтар

Биыл жаңажылдық корпоративтерге тыйым салына ма?

ашық дереккөзі

Биыл жаңажылдық корпоративтерге тыйым салына ма?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «биыл Жаңа жыл корпоративтерін өткізуге тыйым салына ма?» деген сұраққа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. «Әзірге жоқ. Аурудың ондай өсімі байқалып отырған жоқ», - деді министр. Сонымен қатар Ажар Ғиният адам көп жиналатын жердің бәрінде маска киюге кеңес берді. «Вирустық инфекциялар, коронавирус инфекциясы өршіп келеді. Апталар бойынша қарасақ, тәулік сайын 200-ден астам ауру жұқтыру оқиғалары тіркелетінін көріп отырсыздар. Біз адам көп жиналатын жердің бәрінде маска киюге кеңес береміз», - деді ол.