22 жастағы әскери қызметкер бірнеше әйелді соққыға жыққан (ВИДЕО)

22 жастағы әскери қызметкер бірнеше әйелді соққыға жыққан (ВИДЕО)

22 жастағы әскери қызметкер бірнеше әйелді соққыға жыққан (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
12 желтоқсанда Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен деп жазды turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Анықталғандай, ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы азаматшаның бет тұсына соққы келтірген. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы азаматшаларды ұрып-соққан. Соңғы азаматшаның үйіндегі жолдасы аталған ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Шақырту бойынша шұғыл жеткен полиция қызметкерлерімен 22 жастағы әскери қызметші полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілді. Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаментімен ҚР ҚК 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.