Жаңалықтар

Өзбекстанда қажылыққа баратындарға квота көбейді

ашық дереккөзі

Өзбекстанда қажылыққа баратындарға квота көбейді

Биыл күзде Өзбекстаннан Меккеге қажылыққа 7200 адам барады. Былтыр 5200 мұсылман барған. Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Абдулазиз Мансұр қажылыққа баратындардың саны жыл сайын өсіп отырады деп мәлімдеді. 1987 жылғы Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің келісімі бойынша, жыл сайын әрбір ел 1 миллион мұсылманнан 1 мың адамды қажылыққа жібере алады. Бұл келісім негізінде, 32 миллион халқы бар Өзбекстан жыл сайын кемінде 20 мың адамды Меккеге жіберіп отыру керек. Каримов тұсында Өзбекстан бұл мүмкіндіктерді пайдалана алмады. Нәтижесінде мұсылмандар жылдап кезек күтетін. Мұнан бөлек Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасы мен «Нуроний» және «Махалла» қорларының бастамасы бойынша, Сауд Арабияға бұрын қажылыққа барған адам қайтадан бара алмайды.