Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаны кім қадағалайтыны айтылды

Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаны кім қадағалайтыны айтылды

Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаны кім қадағалайтыны айтылды
ашық дереккөзі
Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның бірыңғай операторы болып белгіленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде. 18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды. Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады. Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарлануда.