Жаңалықтар

«Кім екенін білесіздер»: Ибрагимович әлем чемпионатының жеңімпазын атады

ашық дереккөзі

«Кім екенін білесіздер»: Ибрагимович әлем чемпионатының жеңімпазын атады

Италияның «Милан» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалының алдында-ақ турнирде кім жеңімпаз болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «Кім жеңетінін тағдыр жазып қойған сияқты, кімді айтып отырғанымды білесіздер. Трофейді Месси басына көтереді деп ойлаймын. Бұл шешіліп қойған», - деді ол. Еске салайық, Аргентина жартылай финалда Хорватияны 3:0 есебімен жеңді. Енді 1/2 финалдың екінші ойынында Франция - Марокко матчі өтеді. Ал финал 18 желтоқсанға белгіленген.