Арменияда вице-премьер және министр қызметінен босатылды

Арменияда вице-премьер және министр қызметінен босатылды

Арменияда вице-премьер және министр қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
Армения премьер-министрінің орынбасары Амбарцум Матевосян қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа дүйсенбіде президент Ваагн Хачатурян қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.
«Премьер-министрдің ұсынысын негізге ала отырып, Армения Конституциясының бабына, сондай-ақ «Үкіметтің құрылымы мен қызметі туралы» заңына сәйкес орынбасары Амбарцум Матевосянды премьер-министрдің орынбасары қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойылды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Үкімет басшысының шешімімен Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Ваграм Думанян отставкаға кетті. Сонымен қатар оның орынбасары Жанна Андреасян да қызметінен босатылды.