Мұхтар Тілеуберді Германияға барды

Мұхтар Тілеуберді Германияға барды

Мұхтар Тілеуберді Германияға барды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапарымен барды деп хабарлады turkystan.kz. Сапардың бірінші күні министр Германия экономикасы шығыс комитетінің (ГЭШК) құрылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысты. Іс-шараға ГФР Федералды канцлері Олаф Шольц, Вице-канцлер - Федералды экономика және климатты қорғау министрі Роберт Хабек, ГФР мемлекеттік органдарының басшылары, жетекші неміс компаниялары мен бизнес қауымдастықтарының топ-менеджерлері қатысты. ГЭШК - Шығыс Еуропа және Орталық Азияның 29 мемлекетінде неміс капиталы бар инвестициялық жобаларды ілгерілететін ірі және көне бизнес-қауымдастықтардың бірі. Комитет іс жүзінде барлық бизнес салаларының мүдделерін білдіретін Германияның ірі негізгі іскерлік бірлестіктерін біріктіреді. Іс-шара аясында министр М.Тілеуберді Германияның Федералды канцлері О.Шольцпен кездесіп, сондай-ақ ГЭШК Басқарма төрағасының орынбасары Ганс-Ульрих Энгель және атқарушы директор Майкл Хармспен келіссөздер жүргізді. ГЭШК басшылығына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жолдауы табыс етілді. Онда Шығыс комитетінің Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі ерекше аталған.