«Жас өрен» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қос аталым бойынша үздіктер анықталып, жүлделер табысталды.

«Жас өрен» байқауының жеңімпаздары марапатталды
ашық дереккөзі

Астанада «Жас өрен» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Қос аталым бойынша үздіктер анықталып, жүлделер табысталды. Тәуелсіздік күні қарсаңында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден аса шығарма ұсынылды. Іріктеуден өткен жұмыстың 133-і поэзия болса, 71 туынды балаларға арналған ән. Балалар әлемін әдемі сөзбен суреттеп, жырына қосқан ақын, әуезді әнімен жеткізген сазгер қатысушылардың бүгін салтанатты шарада мерейі тасыды. Қос аталым бойынша үздіктер анықталып, жүлделер табысталды. Поэзия жанрында белгілі жас ақын Жадыра Байбұланованың жырлары үздік деп танылды. Ал «Балаларға арналған ән» аталымында алматылық Эльмира Исаханқызы бас жүлдені қанжығалады.

  

«Балаларға арнап өлең жазу қиындау. Сондықтан бұл толысып тәжірбие жинап ысылғаннан соң келетін баспалдақ сияқты. Сондықтан соған қадам басып жатырмыз. Болашақта осы балалар әдебиетіне үлес қоса берем», – деді ақын Сағыныш Намазшамова.