«AMANAT» партиясында ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселесі талқыланды

«AMANAT» партиясында ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселесі талқыланды

«AMANAT» партиясында ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Цифрландыру комитетінің кезекті отырысы өтіп, ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың маңызы айтылды деп хабарлады turkystan.kz. Отырысты «AMANAT» партиясының фракция мүшесі, комитет төрағасы Екатерина Смышляева жүргізді. Жиынға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов, Цифрландыру департаментінің директоры Бернат Алпысбеков, «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясатты талдау орталығы» ЖШС төрағасы Нұршат Нұруллаұлы, агрофирма мен бірнеше цифрлық қызмет ұсыну компанияларының өкілдері және «Атамекен» ҰКП-ның, цифрландыруға байланысты түрлі қорлар мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Жиында саладағы қазір жұмыс істеп тұрған жобалар таныстырылып, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін техникамен қамтамасыз ету, өнімдерді жинау, несие беру және басқа да мәселелер талқыланды. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығын цифрландыру бағытында қиындық тудыратын өзекті мәселелер қаралды.