Жаңалықтар

«Beu» заманауи музыка жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

ашық дереккөзі

«Beu» заманауи музыка жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

Астанада  «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Beu» радиосының ұйымдастыруымен «Beu» заманауи музыка жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Телевизиялық премия «Үздік кавер», «Үздік саундтрек», «Үздік feat», «Үздік бейнебаян», «Үздік альбом», «YouTube-та №1», «Үздік топ», «Үздік орындаушы», «Үздік ән» аталымдары бойынша ұйымдастырылды. Номинанттар арасында Мирас Жүгінісов, «Ирина Кайратовна» тобы, Sadraddin, Ninety one, Shiza, Raim, 2rar, Молданазар, Kalifarniya, Yenlik, Qarakesek, Қанай, Aro, Аяу, Қазыбек Құрайыш, Auka, Мархаба Сәби, Hey Monro және т.б өнер жүлдыздары бар. «Beu» музыкалық жүлдесінің жеңімпаздары радиотыңдармандардың дауыс беруі арқылы анықталды. Жеңімпаздар: «Үздік ән» аталымы - «Kõk tu» (Ирина Кайратовна & Shiza); «Үздік кавер» аталымы - Қазыбек Құрайыш; «Үздік бейнебаян» аталымы - «Kõk tu» (Ирина Кайратовна & Shiza); «Үздік feat» аталымы - Мирас Жүгінісов & 2RAR («Ойлай берем»); «Үздік OST» аталымы - «Отыздан асып барамын» / Ирина Кайратовна (OST «Отыздан асып барамын»); «Үздік альбом» аталымы - «Bestseller» (RAIM); «Үздік орындаушы» аталымы - Yenlik; «Үздік орындаушы» аталымы - RAIM; «Үздік топ» аталымы - «Аlpha» тобы; «YouTube-та №1» аталымы - Kalifarniya («Қар»).