«13 желтоқсанда Талдықорған қаласының Көктем шағынауданында өзінің Toyota Hilux Pick көлігінің ішінде 47 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Болжам бойынша, ер адам атыс қаруын қолданып, өзіне қол жұмсаған», - делінген хабарламада.Бұл дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.