"Балапан" телеарнасы байқау жариялады

"Балапан" телеарнасы байқау жариялады

"Балапан" телеарнасы байқау жариялады
ашық дереккөзі
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Балапан» телеарнасы жаңа жобаларға байқау жариялайды. Өтінімдер 2017 жылдың 20 қаңтары мен 2017 жылдың 5 ақпаны аралығында balapantv@kaztrk.kz электронды пошта арқылы қабылданады. Жобалардың жанрлық бағыты әртүрлі. Соның ішінде телеарнаға телехикая (30 мин.), музыкалық бағдарлама (60 мин.), әзіл-сықақ бағдарламасы (15-20 мин.), оқу-танымдық анимациялық сериал (7-10 мин.) қажет. Өтінім тапсырушы аутсорсинг компаниясының телевизия саласындағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы керек және ұсынылған бағдарламадан өзге шығармашылық жұмыстар да ескеріледі. Сонымен қатар, компания туралы ақпараттар мен іске асырылған жобалар туралы презентациялық материал ұсынуға болады. Жобаларды таңдау барысында аутсорсинг компаниялардың балалармен жұмыс тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінеді деп хабарлайды «Қазақстан РТРК» АҚ баспасөз қызметі. Жобалар тек мемлекеттік тілде қабылданады.