«Кселл» қазақстандық студенттерді ақы төленетін тағылымдамаға қабылдайды

«Кселл» қазақстандық студенттерді ақы төленетін тағылымдамаға қабылдайды

«Кселл» қазақстандық студенттерді ақы төленетін тағылымдамаға қабылдайды
ашық дереккөзі
«Кселл» компаниясы тағылымдамалар бағдарламасын іске қосты және бакалавриаттың 3-4 курс студенттерін  компанияның бас, абоненттік және аймақтық офистерінде ақы төленетін тағылымдамадан өтуге шақырады. Тағылымдама бағдарламасын іске қосу – бұл «Кселл» HR-департаментінің бастамасы, оны компанияның қызметкерлері құлшына қолдады. HR командасы әртүрлі департаменттен  тағылымгерлердің және тәжірибеден өтушілердің қажеттілігі туралы 100-ден аса өтінімдерді алды, бұл қызметкерлердің  студенттерді тәжірибелік дағдыларға үйреткілері  және оларды бизнес-міндеттерді шешуге тартқылары келетіндігін дәлелдейді. Біз дарынды студенттерді жұмысқа қабылдауға дайынбыз, сол себепті релевантты білімдермен және жайлы жұмыс жағдайларымен  қамтамасыз ету – біздің бағдарламаның қатысушылары мен компанияның болашағына қосар үлесіміз», - деп түсіндіріп өтті Ася Калинкина,  «Кселл» АҚ HR-департаментінің  директоры. Тағылымдама бағдарламасы  тағылымгерлер мен тәжірибеден өтушілерді екі бағыт бойынша іздейді: «IT-мамандығы» және «Бизнес-мамандық». Табысты ізденушілер  өздерін заңгерлер, логистер, бағдарламашылар, инженерлер, операторлар және т.б. ретінде сынап көреді. Студенттер 1 жылға дейін ақы төленетін тағылымдама бағдарламасын немесе  3 айға дейін ақы төленбейтін диплом алдындағы тәжірибені  таңдай алады. Тағылымгерлер және тәжірибеден өтушілер  қолайлы және заманауи еңбек жағдайларымен  уәждемелі ортада жұмыс істейтін болады, сондай-ақ  қажетіне қарай  «Кселл» қызметкерлерінің қатарынан диплом жұмысы үшін рецензия жазушыны таңдайды. Тағылымдамаға  өтінімдерді бакалавритаттың 3-4 курс студенттері 2017 жылдың 25 қаңтарына дейін тапсыра алады. Студенттер тағылымдаманы 2017 жылдың 20 ақпанынан бастап бастайды. Кандидаттарды іріктеу үш кезеңмен өтеді: Түйіндеме, портфолио және эссе бойынша іріктеу;
  • Түйіндеме, портфолио және эссе бойынша іріктеу;
  • Тестілеу;
  • Жеке сұхбат.
  Бағдарламаға ашық бос орындар бейініне сәйкес келетін Қазақстанның кез келген жоғары оқу орындарынан студенттер қатысады.   «Кселл» АҚ 2016 жылы  «Көшбасшылықты дамыту бағдарламасымен» hh.kz рекрутингтік онлайн-порталының нұсқасы бойынша  HR-бренд марапатын алғанын еске салып өтеміз.