Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
ашық дереккөзі
Богота қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 96 келі салмақта сынға түскен Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдеге ие болды деп хабарлады turkystan.kz. Жұлқа көтеруде 174 келіні, сілке көтеруде 209 келіні бағындырған қазақстандық қоссайыс қорытындысы бойынша 383 келі зілтемірді басынан асырды. Бұл салмақта жарыс иесі Лесман Паредес (397 – 185+212) чемпион атанса, оның отандасы Джор Морено (380 – 171+209) қола медаль иеленді.