Жаңалықтар

Коронавирусқа шалдыққандар саны қайта өсіп келеді

ашық дереккөзі

Коронавирусқа шалдыққандар саны қайта өсіп келеді

Өткен тәулікте елімізде 155 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл көрсеткіш кешегі мәліметке қарағанда 7 адамға артық деп хабарлады turkystan.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 13 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 847 адам коронавирус инфекциясынан (–1 680+ және 167 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 312 пациент стационарда, 1 535 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 9 адамның жағдайы ауыр, • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.