Жаңалықтар

Алматыда студенттердің сессиясы неге ерте аяқталып жатыр?

ашық дереккөзі

Алматыда студенттердің сессиясы неге ерте аяқталып жатыр?

Желіде Алматы студенттерінің емтихан кестесі өзгеріп, 16 желтоқсанға дейін барлық сессия аяқталуға тиіс деген ақпарат тарады деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері Massaget.kz тілшісінің сауалына жауап беріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды. «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарының академиялық күнтізбелік жоспарларына өзгерістер енгізілмегенін хабарлайды. Сессия бұрын бекітілген кесте бойынша жалғасып жатыр. Студенттер құқықтары бұзылған жағдайда (соның ішінде жатақханадан негізсіз шығарылғанда) студенттік омбудсменге жүгіне алатынын тағы да еске саламыз», - делінген ресми жауапта. Алайда, желіде бұл туралы түрлі ақпарат тарап жатыр.