Көпірден секірген қызылордалық тұрғын қаза тапты

Көпірден секірген қызылордалық тұрғын қаза тапты

Көпірден секірген қызылордалық тұрғын қаза тапты
ашық дереккөзі
12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Қызылордада 102 арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден азаматшаның секіріп,  өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түсті деп хабарлады turkystan.kz. Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азаматшаның қайтыс болғандығы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті  сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.