Жаңалықтар

Африкалықтар «Қамажай» және «Қара жорға» биін тамашалады

ашық дереккөзі

Африкалықтар «Қамажай» және «Қара жорға» биін тамашалады

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында БҰҰ-ның Африка елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (UNECA) алаңында алғаш рет қазақ киіз үйінің тұсаукесері болды деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара UNECA-дағы жыл сайынғы Дипломатиялық базар аясында өтті. Тұсаукесерге Аддис-Абебадағы БҰҰ органдарының, Африка одағы комиссиясының, Эфиопияның мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Аддис-Абебада аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ Африкадағы Қазақстанның Достар клубының мүшелері қатысты. Іс-шара аясында «Қамажай» және «Қара жорға» қазақ халық билерінен, Абайдың поэзиялық шығармаларынан тұратын мәдени бағдарлама көрсетілген. «Іс-шараға қатысушылар ұлттық ою-өрнектермен, қазақ музыкалық аспаптарымен, тұрмыстық заттармен және ұлттық костюмдермен көмкерілген қазақ киіз үйіне ерекше қызығушылық білдірді. Қонақтарға қазы, бауырсақ, жент және басқа да қазақ ұлттық тағамдары ұсынылды» деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.