Шымкенттегі 3 балабақша санитарлық талапты сақтамаған

Шымкенттегі 3 балабақша санитарлық талапты сақтамаған

Шымкенттегі 3 балабақша санитарлық талапты сақтамаған
ашық дереккөзі
Шымкентте 3 балабақша санитарлық норма талаптарын бұзған деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Мекемелерде балаларға арналған ойыншықтардың таза болмауы, мұздатқыштағы ауа температурасын бақылайтын құралдың тек құжат жүзінде болуы, жиһаздардың бүтін болмауы секілді деректер анықталған. Оның қатарында балаларға сатып алынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы құжаттар ұсынылмағандығы тағы бар. Тексеру нәтижесінде анықталған талап бұзушылықтар бойынша 658 545 теңгеге 5 айыппұл салынған.
«2022 жылдың 11 айында Шымкент қаласы СЭБД-мен ерекше тәртіппен 3 балабақша тексерілген. Осы балабақшаларды тексеру барысында анықталған кемшіліктер бар. Мысалы, жиһаздардың тұтастығының бұзылуы, ойыншықтардың жуылмауы, өңделмеуі, дезинфекция жасауға арналған құралдардың таңбаланбауы және үй-жайларда бір типті шамдардың орнатылмауы, қорғаныш құралдарының қапталмауы және жұмыртқаны сақтауға арналған талаптар бұзылғаны секілді бірқатар кемшілік анықталды», - деді Шымкент қаласы СЭБД қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы Ұлжан Әлібаева.