Италия премьер-министрінің құрбысы оққа ұшты (ВИДЕО)

Италия премьер-министрінің құрбысы оққа ұшты (ВИДЕО)

Италия премьер-министрінің құрбысы оққа ұшты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің құрбысы Римде тұрғындар жиналысында болған атыс кезінде қаза тапқан деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы саясаткер Facebook парақшасында хабарлады.
«Николетта менің досым болды. Оның мұндай жағдайда өмірден өтуі әділетсіздік. Ол қамқор ана, шынайы және әдепті дос болды» деп жазды Мелони.
Премьер-министр марқұмның артында күйеуі мен 10 жасар баласы қалғанын айтты. Сондай-ақ ол қылмыскерлер лайықты жазасын алады деп үміттенеді. Полиция атыстың мән-жайы жайлы айтпай отыр. Айта кетейік, Римдегі атыс 11 желтоқсанда болған. Салдарынан төрт адам қаза тапты. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ер адам тұрғындар жиналысы кезінде үш әйелмен жанжалдасып, одан кейін қаруын алып, бірнеше рет оқ атқан.
 «Ол бөлмеге кіріп, есікті жауып, «бәріңді өлтіремін» деп айғайлады, содан кейін оқ жаудырды», - дейді куәгерлердің бірі.
Тұрғындар полиция келгенше оқ атқан адамды қарусыздандырып үлгерген.