Жамбыл облысында жарты тоннаға жуық есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Жамбыл облысында жарты тоннаға жуық есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Жамбыл облысында жарты тоннаға жуық есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
ашық дереккөзі
Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 472 келіден асты, оның ішінде 369 келі 588 грамм кептірілген марихуана және 102 келі 760 грамм гашиш болып шықты деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 8 желтоқсанда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының Қызылшаруа ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы құмды аумақта 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз-2121 автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан екі қапшық гашиш есірткі заты табылған. Одан бөлек, сол орыннан 2 шақырым қашықтықта целлофаннан екі күркеше жасап, 36 қап марихуана мен 1 қап гашиш есірткі заттарын жинап қойғаны анықталды.
– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған 47 және 30 жастағы күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.