Барлық ЖЭС-тің мердігерлерін жан-жақты тексеру керек - Ерлан Саиров

Барлық ЖЭС-тің мердігерлерін жан-жақты тексеру керек - Ерлан Саиров

Барлық ЖЭС-тің мердігерлерін жан-жақты тексеру керек - Ерлан Саиров
ашық дереккөзі
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Президент еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, алда тұрған басты міндеттерді атады. Жиында қордаланған мәселелер де сөз болды. Соның бірі - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы апатты жағдайлар. Қасым-Жомарт Кемелұлы күрмеулі мәселелерді шешу үшін оны Үкіметтің деңгейінде қарап, Екібастұздың жылусыз қалуына не себеп болғаны тергеу арқылы анықталатынын, тиісті шаралар қабылданатынын айтқан болатын. Осы мәселеге қатысты таяуда Екібастұздағы апатты жағдаймен танысып қайтқан Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров пікір білдіріп, аталған мәселені депутаттар пысықтайтынын атап өтті.
«Алдымен табиғи монополиялар» санатындағы ЖЭС-тер мен магистраль желілерінің техникалық жағдайы, жылыту маусымына дайындығы үшін кәсіпорын иелерінің тікелей құқықтық жауапкершілігін қарастыру керек. ЖЭС-терді аудит жүргізу барысында мемлекет бөлген 184 млрд теңге қаражат қайда кеткені, тарифтердің инвестициялық бөлігі қалай жұмсалғаны жіті тексерілуі тиіс», - дейді Мәжіліс депутаты.
Халық қалаулысы тозығы жеткен желілерді жөндеу кәсіпорын акционерлерінің мойнында болуы қажет деп санайды. Сонымен қатар ол барлық ЖЭС-тің мердігерлерін жан-жақты тексеру керек екенін айтты.
«ЖЭС шығындары қолдан жасалып, қаржы бір адамның қалтасынан екінші қалтасына түсуі мүмкін. Тарифтен түскен қаржының басқа жаққа жұмсалып кетпегеніне көз жеткізу үшін оны мұқият тексерген жөн», - деп есептейді Ерлан Саиров.