Жаңалықтар

15 рет пышақ сұққан: зейнеткерді өлтірген күдікті ұсталды

ашық дереккөзі

15 рет пышақ сұққан: зейнеткерді өлтірген күдікті ұсталды

Қостанайда тонау кезінде болған зейнеткердің өлімі туралы іс қылмыстық сотта қаралады деп хабарлады turkystan.kz alau.kz сайтына сілтеме жасап. Айыптау актісіне сәйкес, 1 қыркүйекте 1977 жылы туған Қостанай қаласының тұрғыны 9-шағынауданда орналасқан дүкеннің жанында алтын зергерлік бұйымдар таққан қарт әйелді көреді. Зейнеткерді үйіне дейін аңдып барып, баспалдақ алаңына жеткенде шабуылдаушы оған 15 рет пышақ сұққан. Кейін ол жәбірленушіден алтын бұйымдарын алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші көп қан жоғалту және травматикалық шок салдарынан сол жерде қайтыс болған. Күдікті кісі өлтірді деген айыппен сотқа берілді. Тергеу алдағы күндері басталады.