Жаңалықтар

Елімізде жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар – Тоқаев

ашық дереккөзі

Елімізде жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар – Тоқаев

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын жақсарту керек екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр. Елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Негізгі құжат – Халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек», - деді Мемлекет басшысы.