Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы жер мәселесіне қатысты қоғамдық бақылауды күшейтеді

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы жер мәселесіне қатысты қоғамдық бақылауды күшейтеді

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Бас прокуратураның жер саласындағы заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі алқа отырысына қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Бас прокуратураға пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтаруды тапсырған болатын. Бүгінде елімізде пайдаланылмай жатқан 5 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 3 млн га-дан астамы – «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» қоғамдық комиссиясының араласуымен қайтарылып отыр. Алқа отырысында партияның Атқарушы хатшысы жер саласындағы заңдылықты жетілдіру жөнінде бірқатар бастама көтерді. «Біз жер мәселесінде жаңа олигополияға жол бермеуіміз қажет. «AMANAT» партиясы бұл істің атқарылуына қоғамдық бақылауды күшейтеді. Мемлекет меншігіне қайтарылған жердің халыққа әділ бөлінуіне қатаң бақылау жүргізу керек. Ең алдымен, ауылдың айналасындағы жерлерді халыққа қайтарып беру қажет. Ауыл төңірегі әу бастан мал жайылатын жер саналады. Сондықтан ауыл азаматтары бұл жерді ортақ пайдалануға тиіс», – деді Асхат Оралов.