Оқытушы студенттің үстінен полицияға шағым түсірген

Оқытушы студенттің үстінен полицияға шағым түсірген

Оқытушы студенттің үстінен полицияға шағым түсірген
ашық дереккөзі
Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушысы студентінің үстінен полицияға арызданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқытушының айтуынша, студент оны өлтіремін деп қорқытқан. Бұл оқиға 16 қаңтарда болған. Сол күні клиникалық зертханалық диагностика пәнінің оқытушысы Айман Сәдуақас сабақ өткізіп жатқан. Ол топта бар-жоғы үш резидент бар екен: Сергей Шветков, Замира Ордабаева мен Сандуғаш Темірбаева. Оқытушының айтуынша, екі қыз үнемі сабаққа келмейтін. Олардың балалары бар екен. "Олар мұнда оқуға қалай түсті екен, олар емтихан тапсырды емес пе? Олардың білім деңгейі төмен. Студенттер гемоглобиннің атқаратын функцияларын білмейді. Ол туралы үшінші курста айтылуы керек қой. Студенттерде сабақ кестесіне сәйкес, 5-20 қыркүйек аралығында клиникалық иммунолония пәні болуы керек еді. Екі қыз да сабаққа келмеді. Себебі, екі қыздың әрқайсысының үш баласы бар - қыркүйекте Темірбаева мен Ордабаева босанған", - деді Айман Сәдуақас. Оның айтуынша, университеттің ережелері бар: егер студент сабақтан қалатын болса, онда студент сол пәнді жазда қайта тапсырады. "Өткен дүйсенбіден бастап санағанда бес сабақ және 16 қаңтарда алтыншы сабақты өткізді. Бес күн сабаққа келген жоқ. Бізде ереже бар. Егер студент оқуға үш күннен артық уақыт келмесе, оған ресми түрде рапорт жазылады. Резидентурада тәртіп қатаң. Мен олардың сабаққа келмейтіні жайлы рапорт жаздым. Тағы мынандай жағдай туындап тұр: Олар 0 деген баға алғандықтан, қазір оларда емтихандарға кіруге рұқсат жоқ. Олар бұл бағаны клиникалық иммунология пәніне қатыспағандықтан алып отыр. Келесі семестрге өту үшін олар кем дегенде 50 балл алуы керек қой. Содан жұма күні маған меңгеруші қоңырау шалып, бүгін сол студенттерді оқудан шығаратынын немесе академиялық демалысқа жіберетінін айтты. Себебі олар сабаққа мүлде келмейді", - дейді оқытушы. Айман Сәдуақастың айтуынша, сол күні 19 қаңтарда Ордабаева мен Темірбаева сабаққа түстен кейін ғана келген. Қыздар оқытушыға журналды қайтадан жазу керектігін айтады. Алайда оқытушы студенттердің айтқанын түсінбей, деканға барады. Содан университет басшылығы кафедрадағыларға Ордабаева мен Темірбаеваны оқудан шығару мәселесін шешу керектігін айтады. Ал академиялық демалысты 12 қаңтарға дейін рәсімдеу керек болған екен. Содан Айман Сәдуақас кабинетіне келгенде, онда қыздардың бірінің туысы - Самат Темірбаев (ол - Темірбаеваның ағасы, Ордабаеваның күйеуі) келген екен. "Ол айғайлап, тіл тигізе бастады. Қолын қайта-қайта бұлғап, былапыт сөздер айтты. "Үйіңе дейін жете алмайсың, бір жерде өлтіріп кетемін" деп қорқытты. Содан мен профессор Расул Мұстафа Расулұлының кабинетіне қарай жүгірдім. Профессор мені құтқарып қалды, әйтпесе ол мені ұрып-соғар еді", - деді оқытушы. Кейінірек Айман Сәдуақас полицейлерді шақыртып, Темірбаевтың үстінен арыз жаған. "Мен кафедра меңгерушісіне қоңырау шалдым. Болған оқиғаны айтып бердім. Деканатқа бардым, деканмен сөйлестім. Онда деканның орынбасары ма әлде білмеймін біреу отырды. Содан олар бірден Темірбаев Саматқа қоңырау шалып, оған менің  шағымданғанымды айтып берді. Бірде ол кабинетке жұдырықпен ала жүгіріп, кіріп келді. Менің түсінбей тұрғаным, бұл жоғары оқу орны ғой. Мұнда дәрігерлерді оқыта ма әлде түрме ме?! Бұл барып тұрған сұмдық жағдай. Интерндердің білім деңгейі өте төмен. Қарапайым заттарды білмейді. Содан мен деканатқа кіріп, егер екі қыз сабаққа келмейтін болса, неліктен оқуға түскенін сұрадым. Олар грантқа түскен! Мемлекеттік грант! Екеуі қыркүйектен бері балаларымен үйде отырып, 60 мың теңге көлемінде шәкіртақы алып отыр! Не үшін? Олар оқуы керек еді, сабаққа келу керек еді. Ал қазір бұл қалыпты жағдай болып отыр. Олар үйде отырады, сабаққа келмейді. Олар енді қандай маман болады?", - деп ашуланды Айман Сәдуақас. Айта кетейік, полицейлер Сәдуақастың арыз жазғаны туралы деректі растап отыр. "Оқытушы Сәдуақас расында да Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына хабарласты. ІІБ мәліметінше, осы дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр: тергеу, жауап алу және басқа да шаралар. Кейінірек осы іс сараланып, оған қатысты процессуалдық шаралар қабылданатын болады", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.