Маңғыстауда жоғалып кеткен жігіт 9 күннен бері табылмай жатыр

Маңғыстауда жоғалып кеткен жігіт 9 күннен бері табылмай жатыр

Маңғыстауда жоғалып кеткен жігіт 9 күннен бері табылмай жатыр
ашық дереккөзі
Маңғыстауда жоғалып кеткен Асқар Ерланұлы Қылышбеков 9 күннен бері табылмай жатыр деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда Маңғыстау ауданының Шетпе елді мекеніндегі үйінен шығып кеткен.
«Асқарды 2 желтоқсаннан бері еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтар болып іздеп жатырмыз. Әлі табылған жоқ», - деді «Лидер.кз» еріктілер қозғалысының жетекшісі Давид Миникаев.
Асқардың бойы ұзын – 180 см, арық, шашы қара. Оның үстінде қара күртесі, қанық көк шалбары, қолында қалың киімдері салынған пакеті болуы мүмкін.