Жанқош Тұраров IBO Inter-Сontinental белбеуін иеленді

11 желтоқсан, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Жанқош Тұраров IBO Inter-Сontinental белбеуін иеленді Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров IBO Inter-Continental белбеуін жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен жұдырықтасты. Бірінші жартылай орта салмақтағы вакантты IBO Inter-Continental титулы сарапқа салынған жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Қазақстан боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 26-жеңісіне қол жеткізді.