Жаңалықтар

«Архимедтен қалған мұра»: «Нұрлы жермен» салынған үйлердің сыйқы (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Архимедтен қалған мұра»: «Нұрлы жермен» салынған үйлердің сыйқы (ВИДЕО)

Осыдан үш жыл бұрын Қостанай қаласында «Қонай» деген атаумен жаңа шағын ауданның құрылысы басталды. Сол кезден бері бүгінге дейін 5 қабатты 19 үй салынған. Созбалаңы көп үйлердің құрылысы әлі біпеген деп жазды turkystan.kz. Аталған аудандағы үйлерге екі жыл бұрын конкурс өткізілген. Карантинді сылтау еткен мердігерлер мен қалалық құрылыс басқармасындағылар тұрғындарға былтыр берілуі керек баспана кілтін әлі бермей отыр. Себебі, құрылыс әлі аяқталмаған-мыс. Тек биылғы күзде  тұрғындарға 84 кварталдың 1,2,3-үйлері берілген. Қалған «Отбасы банк» салымшыларының баспаналары жартылай дайын қалпында қаңырап тұр. Сондай пәтерлердің кейбіреуінен су ағып, жылу болмағандықтан бөлмелер қалың мұзға оранған. Жұртшылық бұл жұмыстарға бұрынғы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің жауап беруін қалайды. Қала тұрғындары қалалық және облыс әкімдігінен үміт күтіп отыр. М. Жүндібаев пен жаңадан тағайындалған облыс әкімі Қ. Ақсақалов осыдан кейін қандай нәтиже шығара алатынын уақыт көрсетеді.