Жаңалықтар

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Қостанай облысында жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік жанып кетті. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 10 желтоқсан сағат 17.50 шамасында «Қостанай-Әулиекөл» тасжолының 22-ші шақырымында, Талапкер ауылының маңында Toyota Camry жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан көлік жол жиегіне қарай жылжып, сол жерде жанып кетті. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген соталды тергеуді бастады.