Жантүршігерлік жол апатынан бір мектептің 3 бірдей қызметкері қаза тапты

Жантүршігерлік жол апатынан бір мектептің 3 бірдей қызметкері қаза тапты

Жантүршігерлік жол апатынан бір мектептің 3 бірдей қызметкері қаза тапты
ашық дереккөзі
Абай облысына қарасты Үржар ауданындағы Жанай орта мектебінің 3 қызметкері жол апатынан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 09.12.2022 жылы сағат 14:45-те “Таскескен-Бақты” тасжолында орын алды. 29 жастағы Toyota Carina E маркалы көлік жүргізуші  рөлді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.