Жаңалықтар

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан алғашқы медалін қоржынға салды

ашық дереккөзі

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан алғашқы медалін қоржынға салды

Колумбияның Богота қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 73 кг салмақта Алексей Чуркин қола медаль алды. Бұл осы чемпионаттағы Қазақстанның алғашқы медалі деп хабарлады turkystan.kz. Алексей жұлқа көтеруде 153 кг, серпе көтеруде 190 кг, қос сайыс нәтижесінде 343 кг көтеріп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.