Жаңалықтар

Антикор адам құқықтарын қорғау мәселелерін халықаралық сарапшылармен талқылады

ашық дереккөзі

Антикор адам құқықтарын қорғау мәселелерін халықаралық сарапшылармен талқылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және адам құқықтары күні қарсаңында Алматыда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - адам құқықтарын қамтамасыз етудің қажетті шарты» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Жиынға сала басшылығының, комиссияның, шетелдік сарапшылардың, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың, қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

«Сыбайлас жемқорлық азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени адам құқықтарын іске асыру жолындағы елеулі кедергі болып табылады. Ол ашықтықтың, есеп берудің, кемсітпеудің және қоғамдастық өмірінің барлық аспектілернде адам құқықтары принциптерін бұзады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар адам құқықтары саласындағы нормаларға сәйкес келуі тиіс», - деді ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы Игорь Рогов.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысқан АҚШ, Франция, Грузия және басқа да бірқатар елдердің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара соңында шетелдік әріптестермен одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді және елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі дамыту бағыттары айқындалды.