Жаңалықтар

Жастар Президенттің сайлауалды бағдарламасының негізгі қағидаттарын талқылады

ашық дереккөзі

Жастар Президенттің сайлауалды бағдарламасының негізгі қағидаттарын талқылады

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым. Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында іске асыру мәселелері»тақырыбында LIBRARY PRACTICE жастар пікірсайыс клубының отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жастарға түсіндіруге бағытталған басқосуға қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған Кітапхана волонтерлары қатысты.

Мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестерде арнайы жастар квотасын енгізу, елімізде волонтерлік қозғалысты одан әрі нығайту, сондай-ақ жас кәсіпкерлерге конкурстық негізде жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мәселен, 2023 жылы 5800 жастар кәсіпкерлігі субъектісі жеңілдетілген несиемен қамтылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 6300-ге жетеді. Соңғы бес жылда кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы жас кәсіпкерлердің үлесі 10%-дан 20%-ға дейін ұлғайғанын ескерсек, бұндай шара уақтылы және өзекті болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша пікірталас клубының қатысушылары Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын екендігін білдірді.