Жаңалықтар

Қызылорданың үздік кәсіпорындары марапатталды

ашық дереккөзі

Қызылорданың үздік кәсіпорындары марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Алтын сапа» және «Парыз» республикалық конкурсы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап «Парыз» байқауының жеңімпаздарын анықтау кезінде қосымша талаптар болатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – мемлекетіміз бен бизнестің азаматтарымыз алдындағы ортақ борышы. Биыл байқауға Қызылорда облысы бойынша 33 кәсіпорын өтінім берді. Конкурс нәтижесінде «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясымен қызылордалық «Жаңажол» ЖШС марапатталды. Айта кетейік, республикалық конкурсқа Қызылорда өңірінің кәсіпорындары 2008 жылдан бері белсенді түрді қатысып келеді.