Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі Қазақстаннан Ресейге жіберілген танктерге қатысты жауап берді

ашық дереккөзі

Қорғаныс министрлігі Қазақстаннан Ресейге жіберілген танктерге қатысты жауап берді

Telegram-да Алматы вокзалында теміржолда тұрған танктердің видеосы таралды. Онда әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені айтылған. Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды деп хабарлады turkystan.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «Әлеуметтік желілерде Алматы қаласында теміржол станциясында тұрған бронетехниканы тасымалдау туралы жарияланымға қатысты, бронетехника күрделі жөндеуден кейін одан әрі пайдалану үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жіберілгенін хабарлаймыз», – деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.