«Әділетті Қазақстан – жастардың тандауы» акциясы басталды

«Әділетті Қазақстан – жастардың тандауы» акциясы басталды

«Әділетті Қазақстан – жастардың тандауы» акциясы басталды
ашық дереккөзі
«Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қолдауымен елдегі коррупцияға қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында жастарды жұмылдыруға бағытталған «Әділетті Қазақстан – жастардың тандауы» атты акцияның басталғанын хабарлады деп жазады turkystan.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болатын  арнайы 1463 колл центрі қосылды, сонымен қатар жастардан хабарламаларды қабылдап, өзекті жаңалықтарды жеткізетін ұйымның әлеуметтік желідегі парақшалары ашылды. Акция аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылып, өз кезегінде ол студент жастарды акцияға жұмылдырып, ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі – оның кешенді сипатында. Мемлекеттің ғана емес, бүкіл азаматтық қоғамның шоғырландырылған күш-жігері қажет. Сондықтан біз бүгін «Әділдік жолымен» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойдық. Меморандумның басты мақсаты – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың студенттері мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
 width= Акция ұйымдастырушылары «Әділдік Жолы» РҚБ атынан Ғылым және жоғары білім министріне ашықтығы, акцияны қолдауға және іс жүзінде өзінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын көрсетуге дайын екендігі үшін алғыс білдірді.
«Жақында ғана көпшілігіміз Әділетті Қазақстан үшін таңдау жасадық. Енді жастардың бұл арманға жетуіне нақты мүмкіндік бар. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге өз үлесін қоса алады, ал біз нақты құралдарды ұсынамыз», – деді олар.
Сондай-ақ акция бастамашылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалар байқауының басталғанын жариялады. Онда әрбір жас сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз көзқарасын ұсына алады. «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Д.Смағұловтың айтуынша, өтінімдер info@adildik.kz электронды мекен-жайына 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады. Одан кейін байқау комиссиясы еліміздің әр өңіріндегі үздік жұмыстарды таңдап, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар кейбір идеялар эксперименттік пилоттық жобалар ретінде жүзеге асырылады. Смағұлов барша қазақстандық жастарды осы акцияны жүзеге асыруға белсене атсалысуға шақырды. Өйткені Әділетті Қазақстанның қалыптасуы әрбір азаматқа, соның ішінде жастарға байланысты.  width=