Қазақстандық микроқаржы ұйымдар 2022 жылы қанша табыс тапты?

Қазақстандық микроқаржы ұйымдар 2022 жылы қанша табыс тапты?

Қазақстандық микроқаржы ұйымдар 2022 жылы қанша табыс тапты?
ашық дереккөзі
Бірінші кредиттік бюроның деректеріне сәйкес, қазақстандық микроқаржы ұйымдар (МҚҰ) 2022 жылы орташа есеппен 241,4 млн теңгеден табыс тапты деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық Банктің ақпараттарына сүйенсек, 2022 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша МҚҰ-ның бөлінбеген жиынтық пайдасы 65 млрд 666,5 млн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6% - ға немесе 2,9 млрд теңгеге артық. Алайда, әрбір төртінші МҚҰ алғашқы үш тоқсанда шығынға ұшыраған (236 МҚҰ-ның 53-і немесе 22,5%). Бір жыл бұрын МҚҰ 232-нің 60-ы Қазақстанда шығынды (25,9%) болды. Тағы бір мәселе: жиынтық активтер алғаш рет бір триллион теңгеден – 32,5 млрд теңгеге асты. Яғни, үшінші тоқсанда 36 млрд теңгеге өсті. Бұл ретте активтердің жалпы көлеміндегі топ-5 МҚҰ-ның үлесі 60,9% -ын құрайды.